Алматы қаласы Білім басқармасының
«№51 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-99-70
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-98-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » информация о горячем питании на казахском языке
10
маусым
2014

информация о горячем питании на казахском языке

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау қағидаларына
1-қосымша


Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдаужөніндегіүлгілік конкурстық құжаттама
Алматы қаласы Білім басқармасы «№51мектеп- гимназия» КММ оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметтің өнім жеткізушісін таңдау бойынша конкурс
(конкурс атауын көрсету)

Конкурсты ұйымдастырушы:
Алматы қаласы Білім басқармасы «№51мектеп- гимназия»коммуналдық мелекеттік мекемесі 050040,Алматы қаласы, Ғ.Мүсірепов 23
ЖСК KZ32070102KSN6001000, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті
БСН 9904400033382
БСК KKMFKZ2A,КБе12
Байланыс телефондары: +7(727) 394-99-70
http://51.alschool.kz

(тапсырыс берушінің толық атауын, орналасқан жерін, БСН, банктік деректемелерін,байланыс телефондарын, электрондық және почта мекенжайын көрсету)

1. Жалпы ережелер

1. Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны 1060 білім алушыны құрайды, оның ішінде бастауыш сынып оқушылары 547.
Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 14,865,000 (ҚҚС есебінсіз) теңгені құрайды.
Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы белгілеген құннан аспайды.
2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;
2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;
3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;
4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.
3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді:
1) конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) мынадай банк шотында
KZ220705023603808001__
(конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) банктік шотының толық деректемелерін көрсету)
орналастырылғын ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы;
2) осы Үлгілік конкурстыққұжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді.

2. Әлеуетті өнім берушілерді конкурс туралы хабардар ету

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.
5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.
6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.
7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.
8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу

9. Конкурсқа қатысуға өтінім:
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінімді;
2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:
заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама,заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып,банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;
конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары жәнежинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы,теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;
осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.

4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып: 050040,Алматы қаласы, Ғ.Мүсірепов, 23
Алматы қаласы Білім басқармасы «№51 мектеп-гимназия» коммуналдық мелекеттік мекемесі,№212 кабинет, конкурстық құжаттаманы қабылдау мен тіркеуге жауапты Пшеничных Лариса Викторовна береді.
Сұранымдар жұмыс күндері сағат 09-00-дан 17-00 дейін 2014жылғы 24 маусым қоса ала отырып,сағат 09-00 дейін қабылданады.
Байланыс телефондар +7(727) 394-99-70
11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.
12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім берушіжөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.
Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралымәліметтер енгізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.
13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

5. Конкурс өтінімдерібар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада конкурсты ұйымдастырушы көрсеткен күні, уақыт пен орында конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді.
15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.
16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттерін ашады.
17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттер ашылуға жатады.
18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

6. Конкурстық өтінімдерді қарау

19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтінәлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді.
21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.
22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.
23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.
Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.
24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерінкөздейді.
25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.
26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.
Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.
27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.
28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.
Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.
29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.
30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының 5-қосымшасына сәйкесресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.
31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы интернет-ресурста орналастырады.
32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.
33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді.
34. Әлеуетті өнім беруші осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотынаенгізеді.
35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі–конкурсөтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.
36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.
37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда неконкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына жол берілмейді.
38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамағанжағдайларда қайтармайды.
39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушігеөзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.




















Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдаужөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
1-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушылар санатының
тізбесі
оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметтің өнім жеткізушісін таңдау бойынша конкурс
(конкурсты ұйымдастырушының толық атауын көрсету)

№ Конкурсты ұйымдастырушының атауы Білім беру ұйымын
дағы көрсетілетін қызметті алушылар
дың жалпы саны Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру
мен қамтамасыз етілетін білім алушылар Қызметті көрсету мерзімдері Қызметті көрсету орны Білім алушыларды тегін тамақтанды
руды қамтамасыз етуге
бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома
1 2 3 4 5 6 7
«№51 мектеп- гимназия»коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1060 547-оның ішінде бастауыш сынып оқушылары 01.07.2014 31.12.2014
№51 мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі 050040,Алматы қаласы, Ғ.Мүсірепов көшесі 23 14865000
(ҚҚС есебінсіз)

Күні 26.05.2014ж
№51 мектьеп- гимназия директоры ______________ Филимонова Н.В.
М.О. (Т.А.Ә., лауазымын көрсету)

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
конкурстық құжаттамаға
2-қосымша


Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау
бойынша конкурстық құжаттамаға
техникалық тапсырма


«№51мектеп- гимназия» КММ оқушыларын тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызмет Алматы қаласы Ғ.Мүсірепов 23 мекен – жайы бойынша орналасқан орта білім беру ұйымының оқушыларына көрсетілуі тиіс, барлығы 1060, оның ішіндегі 547 бастауыш мектеп оқушылары оқушыларын 01.09.2014 – 31.12.2014 ж мерзімге дейін бюджеттік қаражат есебінен 14,865,000 теңге (ҚҚС есебінсіз) сомасына тегін тамақтанумен қамтамасыз ету керек.
Күн сайын ас мәзірін жұғымдылық, теңгерімділік, қауіпсіздік талаптарына сәйкес оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, міндетті түрде бірінші – үшінші тағамдарды дәрумендерімен конкурстың ұйымдастырушысы әзірлейді және халықтың санитарлық – эпидимиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
- тұтынушыларға кепіл болатын тағамдар мен тамақтану кезеңдерінде санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау үшін қажетті жағдайлар жасау;
- денсаулығының жағдайы бойынша рұқсаттары бар, кәсіби, гигиеналық даярлықтан және аттестаттаудан өткен тұлғаларды жұмысқа қабылдау;
- әрбір қызметкердің медициналық кітапшасының болуы;
- жұмысқа тұру кезінде алдын ала және барлық қызметкерлердің мерзімдік медициналық тексерулерден уақытында өтуі (медициналық мекемелермен келісі);
- күн сайын қажетті құжаттаманы жүргізу (бракераждық журналдар, персоналды ірің және тыныс органдарының өткір ауруларына қарау журналы және басқа құжаттар);
-Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, санитарлық ережелеріне, гигиеналық нормативтерге сәйкес қызметкерлер еңбектерінің жағдайлары;
- қызметкерлерді үш жиынтықтан кем емес арнайы киіммен және бас киіммен қамтамасыз ету;
-технологиялық, тоңазытқыш, желдеткіш және басқа жабдықтардың тиісті деңгейде жұмыс істеуі қамтамасыз ету және жұмыстың басталуы алдында жыл сайын тексеріс жүргізу;
- өндірістік құралдардың, ыдыстың, жуатын және залалсыздандыратын құралдардың (ҚР қолдануға рұқсат етілген) және материалдық – техникалқ жарақтандырудың басқа да заттарының жеткілікті мөлшерінің болуы;
- жүргізілген жұмыстар туралы актінің болуымен дезинфекция, дезинсекция және дератизация бойынша іс – шараларды жүргізу;
- алғашқы медициналық көмек көрсету үшін аптечкалардың болуы және оларды уақытында толтырып отыру;
- семинарлар, әңгімелесулер, лекциялар өткізу жолымен персоналмен санитарлық- ағартушылық жұмыс ұйымдастыру;
- өрт сөндіру құралдарының болуы. Ыстық тамақ қызметтері бойынша бірінші ретте жатқан әлеуетті өнім жеткізушілер кепіл хат ұсынуға құқығы бар;
- азық блогына келіп түсетін азық – түліктер шикізаты мен азық – түлік өнімдеріне қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес келуі тиіс және шығарылған күні, өнімнің сақталу мерзімі мен жағдайларын көрсете отырып шығарылғаны, сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болуы тиіс.
Ілеспе құжатты өнімді қолданып болғанша сақталуы міндетті.
- қызметті көрсету барысында қолданылатын өнімдердің сапасына сертификаттар болуы тиіс;
- дайын тамақты сынама алынғаннан кейін ғана тарату жүзеге асырылады;
- тағамдарға баға беру бракераждық комиссия органалептикалық көрсеткіштер бойынша (сынама тамақ дайындалған ыдыстан тікелей алынады) жүргізіледі: медициналық қызметкер, тамақ блогының қызметкері және білім беру мекемесі әкімшілігінің өкілі. Бракераж нәтижесі осы санитарлық ережелердің 12 қосымшасына сәйкес «дайын кулинарлық өнімдерді бракераждау журналына» тіркеледі. Тағамды дайындау технологиясы бұзылған кезде, сондай – ақ дайын болмаған жағдайларда, анықталған кулинарлық кемшіліктер жойылғанға дейін тағам жіберуге босатылмайды.
- күн сайын жұмыс басталудың алдында медициналық қызметкер білім беру мекемесінің қоғамдық тамақтануды ұйымдастыратын қызметкерлердің қол терісінде және дененің ашық жерлерінде ірің ауруларының, сондай – ақ ангина, жоғарғы тыныс алу мүшелерінің катаралды көріністерінің болмауын тексереді.
- сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін тез бұзылатын азық өнімдерінің сақталу жағдайлары мен сақтау мерзімдерін бақылау мақсатында осы санитарлық ережелердің 11 қосымшасына сәйкес термометрлерді пайдаланумен (сыныптан басқалары) тоңазытқыш жабдықтарында сақтаудың температуралық режимін бақылауды жүргізеді;
- технологиялық үдерістің сақталуын бақылау мақсатында дайындалған тағамдардың әрбір партиясынан туәліктік сынама алынады. Тәуліктік сынаманы алуды осы санитарлық ережелердің 8 тармағындағы сынамаларды алу бойынша ұсыныстарға сәйкес азық блогының (аспаз) қызметкері жүзеге асырады. Тәуліктік сынамалардың дұры алынуына және сақталу жағдайларына бақылауды медициналық қызметкер жүзеге асырады.
- өндірістік ортаның заттары болып табылатын жабдық, мүлік, ыдыс, тара қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс және белгіленген тәртіпте азық өнімдерімен байланыста болу үшін рұқсат етілген материалдардан орындалуы тиіс;
- қандай да бір технологиялық жабдық істен шыққан кезде ас мәзіріне өзгеріс енгізу керек және дайын тағамдарды өндіру осы санитарлық ережелердің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету керек;
- осы санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес жуу және залалсыздандыру ережелерін сақтау мақсатында бір отыратын орынға үш жиынтықтан кем емес есебі бойынша жеткілікті мөлшерде асхана ыдыстарымен және құралдарымен, сондай – ақ тарату желісінің маңында оны сақтау үшін шкафтармен қамтамасыз ету туралы міндеттеме хат;
- азық өнімдерін дайындау, тарату кездірінде өмір қауіпсіздік талаптарына жауап беретін фарфор, фаянс және шыны ыдыстар қолданылуы тиіс. Асхана ыдыстары дайын тағамдарды дайындау және сақтауға арналған ыдыс тот баспайтын болаттан немесе гигиеналық қасиеттері бойынша ұқсас материалдардан жасалуы тиіс;
- формасын өзгерткен, шеттері сынған, сызат түскен, эмалі бұзылған асхана және асүйлік ыдысты, алюминийден жасалған тақтайларды; сызат түскен және механикалық зақымданған тақтайшалар мен ұсақ ағаш құралдарын пайдалануға тыйым салынады;
- оқушылардың тамақтану кестесін сақтау;
- кассалық аппараттардың болуы;
- азық өнімдерін және азық – түлік шикізатын жеткізу Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы беретін қорытындысы бар мамандандырылған машиналарда жүргізілкі тиіс. Жүргізуші мен экспедитордың жеке медициналық кітапшалары болуы тиіс.
- Оқушылардың тамақтануында тыйым салынған тағамдарды, сондай – ақ газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындарды, чипсыларды, сухарилерді және құрамында генномодификациялық ингридиенттер бар тамақ өнімдерін болдырмау туралы міндеттемені орындау;
- Мектепте тағамдар дайындалатын жерге жыл соңында және қажеттілікке байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндетті.





Күні 26.05.2014ж.

№51мектеп- гимназия директоры __________Филимонова Н.В
М.О.
(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)














Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
3-қосымша
Конкурсқа қатысуға өтінім
(заңды тұлғалар үшін)
Кімге Алматы қаласы Білім басқармасы «№51мектеп- гимназия» КММ
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Кімнен ______________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:
Әлеуетті өнім берушінің заңды, почта мекенжайы және байланыс телефондары
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы
Заңды тұлғаның бірінші басшысының Т.А.Ә.
2._____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Осы өтінімме
_______________________________________________________
(конкурстың толық атауы)
конкурсқа әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес_ Алматы қаласы Білім басқармасы «№51мектеп- гимназия» КММ
(қажетін көрсету керек)
қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім береді.
3.____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
4.____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі, сапалық және ________________________________________көрсетілетін қызметтердің
(қажетін көрсету керек)
өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды. Алматы қаласы Білім басқармасы «№51мектеп- гимназия» КММ

(заңды тұлғаның толық атауы)
осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
5. Осы конкурстық өтінім 30 күн ішінде қолданылады.
6. _____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
жеңімпаз деп танылған жағдайда, біз шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуге міндеттенеміз.
7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

Күні

Басшының қолы _____________________ М.О.
(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)
















Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
4-қосымша

Конкурсқа қатысуға өтінім
(жеке тұлға үшін)
Кімге Алматы қаласы Білімбасқармасы «№51мектеп- гимназия» КММ
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Кімнен ______________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжатқа сәйкес Т.А.Ә.
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжаттың деректері (№, кім берген)
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің тіркелген мекенжайы
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің нақты тұрғылықты
мекенжайы
Тіркеу туралы куәліктің, патенттің
не Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес конкурс мәніне
сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға құқық беретін өзге де
құжаттың нөмірі
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің байланыс телефондары,
почта мекенжайы мен электрондық
почта мекенжайы (болған
жағдайда)
2. _____________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі)
осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
3. _______________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
4. _____________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
______________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
5. Осы конкурстық өтінім 30 күн ішінде қолданылады.
6._____________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуді міндеттенеміз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

Күні

Басшының қолы _____________________ М.О.
(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)





Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
5-қосымша


Қызметкерлердің біліктілігі туралы
мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші толтырады)


1. Әлеуеттіөнімберушініңатауы_________________________________
_________________________________________________________________
2. Орта білім беру ұйымдарындабілімалушылардытамақтандырудыұйымдастырубойыншақызметтікөрсетуүшін ___________________________
(әлеуеттіөнімберушініңатауынкөрсету)
әлеуеттіөнімберушідеқажетті штат қызметкерлері бар.
Қызметкерлердің жалпы саны ____ құрайды, оның ішінде растайтын құжаттарының көшірмелері қоса берілген ____аспазшы, ____ технолог, ____ диетолог құрайды:
Қызметкердің Т.А.Ә. Біліміжәнемамандығы Мамандығыбойыншаеңбекөтілі Біліктіліктіарттырукурстарытуралымәліметтер Жұмыс істеуге рұқсат берілгендігі туралы мәліметтер (рұқсат беру туралы белгісі бар медициналық кітапшалардың көшірмелері)

Барлығы
3. Растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, _________________________________соңғы бес жыл ішіндеконкурста сатып
(әлеуеттi өнiм берушiнің атауын көрсету)
алынатын көрсетілетін қызметтергеұқсас көрсеткен қызметтердіңкөлемі.

Көрсетiлгенқызметтердiңатауы Тапсырысберушiлердiңатауы Қызметтердікөрсетуорныжәнежылы

4. ___________________________________________________________
(әлеуеттi өнiм берушiнің атауы)
рұқсат беру туралы белгісі бар жұмысқа жіберілген автокөлік пен жүргізушіге растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген, қызмет көрсетуі үшін мамандандырылған автокөлігі (бар болса) бар:

Көлік түрi Көлікмаркасы Жекеменшiк, жалғаалынған (кiмнен) Жүргізушігерұқсат беру туралымәліметтер(рұқсат беру белгісі бар медициналықкітапшалардыңкөшірмелері) Рұқсат беру белгісікөрсетілгенкөліктіңсанитариялық-эпидемиологиялыққорытындысы


5. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: меншікті, кредиттiк және т.б.) қол жеткізу туралы мәліметтер. Төменде санамалау.
___________________________________________________________________

6. Әлеуетті өнім беруші қызмет көрсету үшін ресурстардың бар екені туралы қосымша мәліметтерді көрсетеді.
Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.


Күні

Басшының қолы _____________________ М.О.
(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)












Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
6-қосымша
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау критерийлері

№ Критерийлер Балдар
1 Конкурстың нысанасы болып табылатын қызмет көрсету нарығындағы тәжірибесі Әр жылға 1 балдан, бірақ 5 балдан аспайды
2 Экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сәйкестік сертификатының бар-жоғы Жоқ

(0 балл) Бар

(2 балл)
3 Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын менеджмент сапасы жүйесі сертификатының бар-жоғы Жоқ

(0 балл) Бар

(3 балл)
4 Аспазшылардың біліктілігі (10 балдан аспайды) Арнайы орта білім
3-разряд
(1 балл) Арнайы орта білім
4-разряд
(2 балл) 5-разряд және (немесе) жоғарғы білім
(3 балл)
5 Технологтың, диетологтың болуы (4 балдан аспайды) Жоқ

(0 балл) Бір маман ғана бар
(1 балл) Бар

(2 балл)
6 Шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесінің бар-жоғы 10-нан кем ас атауы
(1 балл) 10-нан 30-ға дейін ас атауы
(2 балл) 30-дан 50-ге дейін ас атауы
(3 балл)
7 Азық-түлікті санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар арнайы көлікпен жеткізу шарттары Көлікжоқ


(0 балл) Жалдамалыкөлік

(3 балл) Жеке көлігініңболуы
(5 балл)

Ескертпе: 4, 5-тармақтарда балдар әр маман үшін қойылады.




Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
7-қосымша


Банктік кепілдік

Кімге Алматы қаласы Білім басқармасы «№51мектеп- гимназия» КММ
Алматы қаласы Білім басқармасы «№51 гимназия»коммуналдық мелекеттік мекемесі 050040,Алматы қаласы, Ғ.Мүсірепов 23
ЖСК KZ32070102KSN6001000
БСН 9904400033382
БСК KKMFKZ2A,КБе12
Байланыс телефондары: +7(727) 394-99-70
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:________________________________________________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
№_________кепілдік міндеттеме
______________________________ ____ж. «___»__________________
(орналасқан жері)
Біз бұдан әрі «өнім беруші» деп аталатын_________________________,
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
Алматы қаласы Білім басқармасы «№51мектеп- гимназия» КММ ұйымдастырған
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Білім беру ұйымдарының білім алушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні таңдау конкурсына қатысатындығынан және ___________________________________________
(көрсетілетін қызметтердің атауы)
қызмет көрсетуге әзір екендігінен хабардармыз.
2014ж. «26» мамыр жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің банктік кепілдік түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз_______________________осы арқылы өзімізге
(банктің атауы)
Сіздің талап етуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ өнім беруші:
конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғанын;
конкурс жеңімпазы деп танылған өнім берушінің қызмет көрсету туралы шарт жасасудан жалтарғанын;
қызмет көрсету туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шартты орындауға қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағанын не уақтылы орындамағанын жазбаша растауды алысымен _______________________________________________________________тең
(сомасы цифрлармен және жазбаша)
соманы Сізге төлеуге қайтарылмайтын міндеттеме аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді және өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімі қолданылатынсоңғы мерзімге дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз 24.06.2014ж аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурстық өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.


Күні

Басшының қолы _____________________ М.О.
(Т.А.Ә., қызметін көрсету)













Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
8-қосымша




Берешектің жоқтығы туралы
анықтама


____________________________________________________________________
(банк атауы)
___________ (күнін көрсету) жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес аталған Банк қызмет көрсететін
____________________________________________________________________
(заңды (жеке) тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, көрсетiлciн)
банк алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан көп созылған мерзiмi өткен берешегiнiң жоқ екенін растайды.


Күні

Басшының қолы _____________________ М.О.
(Т.А.Ә., қызметін көрсету)